Алик Шпекбаев тұрғындарды қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алик Шпекбаев тұрғындарды қабылдады

04.04.2018

Бірде-бір шағым назардан тыс қалмайды. Жеке-жеке талдау жүргізіліп, заң аясында шешім шығарылады. Бүгін «Нұр Отан» партиясы жанындағы қоғамдық қабылдауға қатысқан Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев осылай деді. Төраға жиырмаға жуық азаматтың арызын тыңдап, жұмыс дәптеріне түртіп алды. Мәселенің мән-жайын анықтағаннан кейін, барлық өтініш иелеріне жауап береді. Жалпы, республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесіне апта сайын жоғары лауазым иелері келіп, халықтың мәселесін тыңдайды. Онда көтерілген проблеманың жартысына жуығы оң шешіледі.

 

Досымжан ЕРМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу