Қызылордада мүмкіндігі шектеулі жандарға компьютерлік қызмет көрсететін орталық ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада мүмкіндігі шектеулі жандарға компьютерлік қызмет көрсететін орталық ашылды

04.04.2018

Бұл – әлеуметтік жоба. Сондықтан, мұнда барлығы тегін. Бет қаттау, теру, көшірме жасау, түрлі-түсті қағаздар басып шығаруға мүмкіндік бар. Ата-анасы мүгедек студенттер үшін де қызмет тегін.  Сондай-ақ, оқыту курсы жұмыс істейді. Онда электронды үкіметтен бастап, кез келген бағдарламаны меңгеруге болады. Бір жағынан мүмкіндігі шектеулі азаматтар осы жерде бас қосып, уақыттарын тиімді өткізеді. Пайдалы іспен айналысады. Яғни, олар қоғам өмірінен тысқары қалмайды.

Павел Горбачев, қоғамдық бірлестік жетекшісі:

- Бұл жерде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арнайы сабақтар өтеді. Олар компьютермен жұмыс істеуге машықтанады. Ең бастысы, ғаламтордың мүмкіндігін пайдаланып, электронды үкіметтің көмегімен қажетті анықтамаларды да үйде отырып ала алады. Біз тек мұнымен шектеліп қалмаймыз. Түрлі сайыстар мен шаралар да ұйымдастырып, бұл азаматтардың қоғаммен байланысын арттыруға тырысамыз.

 

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу