«Сарыарқа» магистральды газ құбырының құрылысы биыл басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Сарыарқа» магистральды газ құбырының құрылысы биыл басталады

02.04.2018

Ел игілігін арттырған игі жоба. Әлеуметтік бес бастама аясында Қарағанды облысына газ құбыры тартылатын болса, бір жарым жыл ішінде 1000-нан аса жұмыс орны ашылады. Бұл жөнінде Қарағанды облысы әкімдігінде өткен кеңесте Сенат депутаты Рысқали Әбдікеров мәлімдеді. Сәтін салса, «Сарыарқа» магистральды газ құбырының құрылысы биыл басталады. Нәтижесінде Қарағанды облысындағы 120 елді мекен мен алты ірі қаланы көгілдір отынмен қамту жоспарлануда. 

Райхан САЙРАНБЕК

Хабарламаларға жазылу