Жаңа зымыран сынақтан өткізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңа зымыран сынақтан өткізілді

02.04.2018

Ресей әскерилері еліміздің аумағында, дәлірегі, Сары-Шаған полигонында зымыранға қарсы қорғаныс жүйесінің жаңа ракетасын сынақтан өткізді. Бұл турасында Ресейдің Әскери-ғарыштық күштерінің генерал-майоры Андрей Приходько мәлім еткен.

Оның сөзінше, «жаңа жетілдірілген зымыран алға қойылған міндетін сәтті орындап, шартты нысананы белгіленген уақытта жойды».

Бұл зымыранға қарсы қорғаныс жүйесі Мәскеуді әуеден жасалатын соққыдан қорғауға және зымырандық шабуыл қаупін анықтап, космостық кеңістікті бақылау үшін арналған.

Мадина РАХЫМБЕК

Хабарламаларға жазылу