Түркістанда жаңа мөлтек аудан салынуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістанда жаңа мөлтек аудан салынуда

02.04.2018

Тұрғын үйге қолжетімділікті арттыру мақсатында Түркістан  қаласында «Отырар» деп аталатын жаңа мөлтек аудан бой көтеріп келеді. Бүгінде  шаһарда 12 көпқабатты үй  салынып, 700-ге тарта отбасы баспаналы болды. Сондай-ақ, 280  орынға лайықталған балабақша құрылысы бітуге таяу. Жалпы, қаланың бас жоспарына сай мұнда келешекте әкімшілік іскерлік орталық жайғасады. Оның айналасына 115 көпқабатты тұрғын үй мен 150 коттедж салынады. Мектеп, емдеу мекемелері секілді әлеуметті нысандар мен мәдениет ошақтары бой түзейді.  Осылайша, Түркістан мемлекеттік қолдаудың арқасында  келешекте тек руханияттың орталығы ғана емес, экономикалық әлеуетті мықты, сәулеті ерек ірі шаһарлардың біріне айналғалы отыр.  

Сейітмұрат Сейілбеков, Түркістан қалалық әкімдігі құрылыс бөлімі басшысының міндетін атқарушы:

- Тұрғын үйдің барлығы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынады. Бүгінгі таңда 20 көпқабатты тұрғын үйдің жобалық құжаттары дайындалды. Соның 11 үйіне облыс бюджетінен қаржы бөлінді. Енді конкурс жарияланып, жеңімпаз анықталса, құрылысты бастаймыз. 

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу