Еліміздегі қоғамдық орындар жоспардан тыс тексеріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздегі қоғамдық орындар жоспардан тыс тексеріледі

30.03.2018

Еліміздегі ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлері сияқты қоғамдық орындар 2 сәуірден бастап өрт қауіпсіздігі бойынша жоспардан тыс тексеріледі. Бұл туралы бүгін арнайы өткізілген брифинг барысында айтылды. Тексеріс үш ай аралығында жүргізіледі. Апаттың алдын алуға бағытталған ауқымды шара басталмас бұрын қоғамдық нысандардың иелері сақтық ережелерін пысықтап, талаптарды тексеріске дейін орындауына мүмкіндік бар. Егер қауіпсіздік ережесі бұзылса, әкімшілік жауапкершілікке тартылады. 

Жасұлан Ақтаев, ҚР ІІМ ТЖК Өрт қауіпсіздігі саласында бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының бастығы:

- Ресейдің Кемерово қаласында өткен соңғы қайғылы жағдайға байланысты біздің елде де біршама әлеуметтік дүмпу болғанын айта кету керек. Осыған байланысты Ішкі істер министрлігі Бас прокуратураға хат жазып, қоғамдық нысандарды жоспардан тыс тексеруді сұраған еді. Қазіргі таңда тиісті тапсырма беріліп, осы қатардағы нысандарды тексеру жұмыстары жүргізілгелі жатыр.

Азамат НҰҒЫМАНОВ

Хабарламаларға жазылу