Мемлекеттік сатып алу 100 пайыз цифрландырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік сатып алу 100 пайыз цифрландырылды

30.03.2018

Мемлекеттік сатып алу рәсімдері 100 пайыз электронды форматқа ауыстырылды. Бұл туралы баспасөз мәслихатында Қаржы министрлігінің мамандары айтты. Енді электрондық банк кепілдіктері, шарттар мен шот-фактуралар арнайы веб-портал арқылы рәсімделетін болды. Құжаттар автоматты түрде арнайы органдарға тіркеуге жіберіледі. Портал мемлекеттік органдардың ақпарттық жүйелерімен мәлімет алмасып отырады.

Мәселен, сатып алуға қатысушы жайлы барлық мәліметті анықтай алады. Яғни салық, сот актілері бойынша берешектің болуы немесе тендерге қатысу құқығына қатысты ақпарат назардан тыс қалмайды. Мамандардың айтуынша, жаңашылдық өз нәтижесін беріп жатыр. Өйткені, бүгінге дейін қатысушылар арасында бәсекелестік орта қалыптасқан. Осылайша, конкурсқа қатысушылардың саны 1-ден 4-ке дейін өскені байқалады.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу