Екі жыл қатарынан тұрып қалған Екібастұздағы «Қазақстан вагон жасау зауыты» қайта өнім шығара бастады. Кәсіпорынға демеу ретінде мемлекеттен 18 млрд. теңге несиелік қаражат бөлінген. Бұл жөнінде республикалық және өңірлік БАҚ өкілдерімен Ұлттық телеарнаның «Ertis» Павлодар облыстық филиалы ұйымдастырған ашық сұхбат барысында облыс әкімі Болат Бақауов мәлімдеді. 50-ге тарта журналист қатысқан жиында аймақ басшысына 300-ден аса сұрақ қойылды. Тапсырыс болмағандықтан, вагон жасау зауыты өндірісті тоқтатып, жұмысшыларды қысқартқан болатын. Ал, биылғы жылдан бастап іске қосылған өндірістік желіде алдағы бес жыл ішінде 10 мың жартылай ашық вагон жасау жоспарланып отыр. Кейбір қосалқы бөлшектер Ресейден әкелінеді.
Болат Бақауов, облыс әкімі:
- Өткен жылы 170 вагон шығарсақ, бүгінде екі айдың ішінде 200 вагон шығардық. Биыл 2000-нан аса вагон жасау жоспарда тұр. Тапсырыс бар, қаражат бар. Қазір зауыт үш ауысыммен істейді.
Болат АМАНБАЕВ