«Ел жүрегі - Астана». Осындай атаумен жеткіншектер арасында үшінші республикалық мүшәйра ұйымдастырылды. Жыр додасына келген ақынжанды отыз оқушының осалы жоқ. Әрқайсысы әр аймақтың мықтысы. Мүшәйраның шарты бойынша олар Астананы жырға қосып, жиырма жылдағы жетістіктерді бейнелі тілмен жеткізу керек. Қазылардың сынынан өткен жұп-жұмыр, жинақы өлеңдер «Ел жүрегі - Астана» атты жыр жинағына енгізіліп, авторларына жүлде үлестіріледі. Іс-шарадан соң оқушыларға қаланың көрікті жерлері көрсетіледі.
Бауыржан Айткәрімов, «Тәуелсіз ел жастары» қоғамдық қорының төрағасы:
- Еліміздің ертеңгі болашағы дегенде, кешегі Мағжандар «Мен жастарға сенемін» деп, кімге сенді? Жастарға сенді. Осы оқушылар еліміздің болашақтары болса, сол болашақтарымызға бағыт-бағдар беріп, елдігімізді, бірлігімізді, еңсесі биік елордамызды жырға қосуға мүмкіндік берсек деген ниеттен туған дүние.
Досымжан ЕРМҰРАТ