Экологиялық таза экономиканы дамыту бойынша Қазақстан жария міндеттер қабылдады. 2050 жылға дейін еліміз парниктік газдан 25 пайызға арылуды жоспарлап отыр. «Жасыл» қаржыландыру тақырыбына арналған пікірталаста мұны өршіл мақсат,-деп бағалады. Шараға Лондон қор биржасының бөлім басшысы және халықаралық үкіметтік емес ұйым жетекшілері қатысты. БҰҰ-ның қоршаған орта жөніндегі бағдарламасы аясында «Жасыл» қаржыландыруға баса назар аударылуда. Тіпті, Ұлыбритания осы жаһандық трендтін инвестициялау бойынша әлемдік орталыққа айналып үлгерді. Енді мамандар дүниежүзінде «жасыл» экономиканы қалыптастыруға 93 трлн. АҚШ доллары қажет,-дейді. Бірақ бұл - болжамды сома. Әр ел өз есебін жүргізуі тиіс. Астана халықаралық қаржы орталығы да бұл бағытта белсенді жұмыстар атқармақ.
Майк Гиффорд, Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі:
- Бүгінгі шара арқылы біз Қазақстанда жаңартылған энергетиканы енгізуді қаржыландыруға жеке капиталдың тиімділігін көрсеткіміз келді. Ұлыбритания осы маңызды әңгімелердің бөлігіне айналады,-деп сенеміз. Біз халықаралық климат қорына 3,87 млрд фунт стерлинг аударған едік. Соның біршама бөлігі Қазақстандағы жаңартылған және баламалы энергия көздерінің аукционы мен сатып алуына жұмсалды. Әрі қарай да сол бағытта жұмыс істеуге дайынбыз.
Нысаналы ЫҒЫЛ