Елімізде 7 ұлттық компания жекешелендірілмек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде 7 ұлттық компания жекешелендірілмек

26.03.2018

Жекешелендірудің бірінші кезеңінде құны 49 миллиард теңгеден астам 37 нысан сатылған. Бұл туралы бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында айтылды. 2020 жылға дейін елімізде мемлекетке тиесілі 900-ге жуық кәсіпорынды бизнес өкілдеріне беру туралы жоспарланып отыр. Мамандар «шалғай аудандарда жекешелендіруді мүлдем тоқтату керек» десе, депутаттар әлеуметтік нысандарды сатпас бұрын тиісті дайындық жұмыстарын жүргізу керектігін алға тартты. Оған себеп те жоқ емес. Кейбір жеке қолға өткен кәсіпорындар тіпті жұмыскерлеріне жалақы да төлей алмаған.

Нұртай Сабильянов,ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Мемлекеттік объектілерді бағалауға мұқият жауапкершілікпен қарау қажет. Сатылған объектілердің бағалау құны 70 млрд. теңгеге аз.

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу