Астана мешіттері Аягөзге көмек ретінде 16 тонна жүк жөнелтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана мешіттері Аягөзге көмек ретінде 16 тонна жүк жөнелтті

22.03.2018

Наурыз - бірлік пен берекенің, мейірімімділік пен қайырымдылықтың мерекесі. Ұлыстың ұлы күні Аягөзге көмек ретінде 16 тонна жүк тиелген көлік жолға шықты. Елорда тұрғындары «Астана - мейірімді қала» шарасы аясында аз ғана уақыт ішінде осынша көлемде зат жинаған. Оның 8 тоннасы азық-түлік. Одан басқа жауын суға жарамды киім-кешек тағы бар. Аягөзге қайырымдылық көмегін беру үшін Астана мешіттерінің ресми сайттарында және жұма намаз уақытында жамағатқа айтылған. Осыдан кейін қала тұрғындары өз мүмкіндіктеріне қарай бірі тауар ретінде, енді бірі ақшалай көмек берген. Жалпы, сегіз мешіттен жиналған тауар бүгін жүк көлігіне тиелді. Шамамен 20 сағат көлемінде Аягөз ауданына жетеді. Астана мешіттері атынан арнайы өкіл сайланып, жүкті діттеген жеріне дейін жеткізуге жауапты болады.   

Асқар Айтбайұлы, «Нұр Астана» мешітінің бас имамы:

- Мұндай қайырымды шаралар Астана мешіттері атынан жылда болады. Былтырғы жылдары Тайынша, Атбасар, Қарағанды облысындағы су алған аудандарға тұрақты түрде жіберіп жүрген, үйреншікті қайырымды шаралардың бірі.

 

Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Хабарламаларға жазылу