Шаруаларға көктемгі егіс жұмыстарына 370 мың тонна дизель отыны жеткізіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шаруаларға көктемгі егіс жұмыстарына 370 мың тонна дизель отыны жеткізіледі

20.03.2018

Көктемгі егіс жұмыстарына 370 мың тоннадан астам дизель отыны қажет. Жанармай шаруаларға уақытылы жету үшін тиісті шаралар қабылданды. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық отырысында Энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзалиев мәлімдеді. Ауыл шаруашылығы министрлігімен қажетті есеп дайындалған. Соған сәйкес, Атырау мұнай өңдеу зауытынан 92 мың тонна, Павлодардан 195 мың тонна және Шымкенттегі зауыттан 87 мың тонна дизель отыны шаруаларға жетеді. Қазір наурыз айының өзінде 56 мың тоннасы жолға шықты. Мәселен, ішкі нарықта бір тонна дизель отыны 170 мың теңге болса, шаруаларға мемлекет тоннасын 156 мың теңгеден жеткізіп береді. 

Мағзұм Мырзағалиев, ҚР Энергетика вице-министрі:

- Көктемгі егіс жұмыстарының маңызын ескере отырып, ауыл шаруашылығына дизельдің дер уағында жеткізілуіне әдеттегідей басымдық беріп отырмыз. Бұл мәселе министрліктің жіті қадағалауында. Осылайша, көктемгі егіс жұмыстарын тиімді жүргізу үшін жан-жақты шаралар қабылданғанын жеткізгім келеді.

 

Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Хабарламаларға жазылу