Сот шешімдерінің сапасы артады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сот шешімдерінің сапасы артады

19.03.2018

Енді сот шешімдері барынша түсінікті мейлінше жалпақ тілмен жазылады.  Ал, судья шешім шығарғаннан соң оны міндетті түрде тараптарға түсіндіретін болады. Бұл бастамалар Жоғарғы Соттың жалпы отырысында айтылды. Жиында сот шешімдері туралы нормативтік қаулыға өзгертулер енгізу мақұлданды. Бұл бастаманы жалпы отырысқа қатысушылар бірауыздан қолдады. Сот шешімдерінің мазмұны түсініксіз, тілі ауыр екені бұған дейін де талай айтылып жүрді. Алайда, мәселені шешуге Жоғарғы Сот енді кірісті. 

Айта кету керек, жылына соттар 400 мыңнан астам шешім шығарады. Арнайы жүргізілген сараптама кезінде 300 сот шешімі таңдап алынған. Зерттей келе оның 100-ге жуығы тиісті талаптарға мүлдем сәйкес келмейтіндігі анықталған. Енді бұл мәселе толығымен шешілмек.

Арман Жүкенов, Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының төрағасы:

- Сотқа жүгініп жатқан көп адамдардың заңды білімдері жоқ. Алып жатқан шешімдерін көбіне түсінбей жатады. Сол себептен біз қабылдап жатқан нормативті қаулы осы мәселенің көп жолдарын ашады. Себебі, біркелкі сот тәжірибесін қамтиды. Бәрімізге түсінікті, қысқа да нұсқа шешімді жазуға жолын көрсетеді.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу