Мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеу жүйесі жетілдірілуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеу жүйесі жетілдірілуде

16.03.2018

Бүгін Астанада мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеу жүйесін жетілдіруге қатысты мәселені 10 елдің өкілдері талқылады. Олардың ішінде Еуропа, Орталық Азия және Кавказ елдерінің мемлекеттік қызметшілері болды. Жиын барысында Қазақстандағы мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеу жүйесі мен басқа да елдердің тәжірибесі айтылып, озық үлгілері талқыланды. Айта кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Астана хабының қолдауымен елімізде мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі жасалған. Биылғы жылдың басынан бастап жаңа жүйе кейбір облыстар мен агенттіктерде пилоттық тұрғыда енгізіле бастады.

Әлихан Байменов, Мемлекеттік қызмет хабы басқарушы комитет төрағасы:

- Жаңа жүйенің заманауи талапқа, қоғамға сай болуын қамтамасыз ету керек. Яғни, жаңа жүйе әділ, жария және мемлекеттік қызметшілерді тиімді жұмысқа ынталандыратын болуы керек.

 

Азамат БЕЙБІТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу