Кәсіпкер Мұратхан Тоқмәди 10 жылға сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кәсіпкер Мұратхан Тоқмәди 10 жылға сотталды

16.03.2018

Банкир Ержан Тәтішевті өлтірді деген күдікке ілінген кәсіпкер Мұратхан Тоқмәди 10 жыл 6 айға сотталды. Тараз қаласында бір айдан бері өтіп жатқан атышулы Тоқмәди ісі бойынша үкім оқылды.

Өткен 11 сот процесі барысында 14 жыл бұрын болған қылмыстық оқиғаға қатысты барлық куәгерлер сұралып, шетел сарапшыларының қорытындылары тыңдалды. Мұртахан Тоқмәди өз кінәсін толық мойындаған еді. Мемлекеттік айыптаушы «шыны королі» атанған кәсіпкерді 12 жылға соттауды сұраған. 78 томдық қылмыстық істі зерделеген судья күдіктіні 10 жыл 6 айға  бас бостандығынан айырды.

Хабарламаларға жазылу