«Жаңғыру жолы» қозғалысы құрылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жаңғыру жолы» қозғалысы құрылды

15.03.2018

Бұл жөнінде бүгін Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованың қатысуымен өткен жиында жарияланды. Қазақстан халқы Ассамблеясының қарамағында жұмыс істейтін қозғалыстың мақсаты - жастарға қолдау көрсету. Жиын барысында «Жаңғыру жолы» қозғалысының алдағы екі жылда атқаратын іс-жоспары бекітілді. Сондай-ақ, өңірлік үйлестірушілер мен қозғалыс жетекшілері сайланды. 

Максим Споткай, «Жаңғыру жолы» қозғалысының лидері: 

- Жастар ұйымы көп. Соның бірі «Жанғыру жолы» болады. Басты мақсатымыз - саясат емес, Елбасының қоғамдық саясатын насихаттау. 

Ғабит БӨКЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу