Кореялық қонақтар «Нұр Әлем» - «Болашақ энергиясы» мұражайына барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кореялық қонақтар «Нұр Әлем» - «Болашақ энергиясы» мұражайына барды

15.03.2018

Қазақстанға ресми іс-сапары аясында Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының төрағасы Чон Сэ Гюн бастаған шетелдік делегация «Нұр Әлем» - «Болашақ энергиясы» мұражайына барды. Музей экспозицияларымен Оңтүстік Кореяның партия өкілдерімен қатар, әйел және отбасы, ұлттық саясат, стратегия және қаржы, білім, мәдениет, спорт және туризм жөніндегі комитет мүшелері де танысты. Экскурсия барысында шетелдік қонақтар «ЭКСПО-2017» мұрасы нысандары мен Ұлттық компания қызметіне жоғары баға берді. Сондай-ақ, Оңтүстік Корея Ұлттық Ассамблеясының төрағасы өз елінің «ЭКСПО-2017» көрмесіне жіті дайындалып, «жасыл» энергетика саласындағы жаңалығын ұсынғанын айтты.

Чон Сэ Гюн, Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының төрағасы:

- Бұрын мен Индустрия және Энергетика министрі лауазымын атқардым, сондықтан біз дәстүрлі энергия көздеріне тәуелді болмай, «жасыл» технологиялар мен баламалы энергия көздерін дамыту және ілгерілетуді алға қоюмыз қажет. Мына бірегей мұражайды көріп, мен Қазақстанның алдыңғы қатарлы елдермен бірге дұрыс бағытта келе жатқанын түсіндім.

        

Хабарламаларға жазылу