Павлодар облысы аумағындағы  су тасқыны қаупі сейілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысы аумағындағы  су тасқыны қаупі сейілді

15.03.2018

Павлодар облысы аумағындағы елді мекендерді су басу қаупі сейілді. Бұған дейін ойпатты жерлер мен су жүретін жылғалардың бойындағы 57 ауыл қатаң бақылауға алынған болатын. Екі күн бұрын көктемгі жылымық кезде болатын тасқынның алдын алуға арналған жұмыс тобы тікұшақпен осы аумақтарды аралап көрді. Қар көбесі сөгіліп, енді ғана ери бастаған. Өткелдер тазартылған, бөгеттер берік. Өткен жылмен салыстырғанда қар аса қалың емес. Қазір елді мекендердің ішіндегі қарды тазалау жұмыстары жүріп жатыр.

Самат Асайынов, Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары:

- Әкімшілікпен жұмыс жасап отырмыз. Қарды қаладан, аудандардан шығару жұмыстары жүргізілуде. Биыл қар 10 пайыз аз. Содан ешқандай су тасқынынан қауіп болмайды деп ойлаймыз. 

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу