Алик Шпекбаев: Жемқорлықпен күрес - қоғам болып жұмыла шешетін ортақ міндет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алик Шпекбаев: Жемқорлықпен күрес - қоғам болып жұмыла шешетін ортақ міндет

15.03.2018

«Жемқорлықпен күрес тек мемлекеттік органдардың ғана емес, жалпы қоғам болып жұмыла шешетін ортақ міндет». Астанада өткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша азаматтық бастамалардың 2-ші конгресінде агенттік төрағасы Алик Шпекбаев осылай деді. Шараға түрлі министрліктер мен мекеме басшылары және Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова қатысты. Конгреске еліміздің барлық өңірінен делегаттар келді. Қоғамның күш-жігерін біріктіретін осындай алаң құру - заманауи сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тұжырымдамалық негіздерінің бірі. 

Салауат Мүксімов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент директоры: 

- Арнайы базалық ұсынымдар әзірленді. Қатысушылар сол базалық құжатты талқыға салып, өз ұсынымдарын беріп, құжатта қабылдауы тиіс.

Ғабит БӨКЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу