Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі азаматтардың мұң-мұқтажын тыңдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі азаматтардың мұң-мұқтажын тыңдады

14.03.2018

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова азаматтардың мұң-мұқтажын тыңдады. Түске дейін лауазымды тұлғадан түрлі көмек сұраған 20 шақты адам «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесіне келді. Олардың бірі жұмыс іздеп жүрсе, енді бірі зейнетақы мөлшерінің аздығына шағымданды. Мүгедектігіне орай әлеуметтік көмек сұрап келгендер де көп болды. Солардың бірі – құрылыс орнында ауыр жарақат алып, арбаға тағылған 41 жастағы тұрғын.

Амантай Данияров, І топ мүгедегі:

- 2014-те жарақат алдым. Құрылыс алаңында 19-қабаттан 16-қабатқа құладым.

 

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу