Қызылордадағы жастар орталығында жинақтау пункті жұмыс істей бастады. Қала тұрғындары азық-түлік, киім-кешек, тұрмыстық заттар әкеліп, өткізіп жатыр. Астана қаласында да су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға гуманитарлық көмек көрсету мақсатында жылу жинау басталып кетті. Республика даңғылы 33 мекен жайында арнайы бөлме ашылып, қажетті заттар жиналуда. Бастамашы топ былтыр да 3 облыста болған су тасқыны кезінде осындай көмек ұйымдастырған.
Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ