Шығыс Қазақстандағы жағдай қайталануы мүмкін - Юрий Ильин - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстандағы жағдай қайталануы мүмкін - Юрий Ильин

13.03.2018

Шығыс Қазақстанда жағдай тұрақталды. Бірақ, қауіп қайталануы мүмкін. Бұл туралы бүгін Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин мәлімдеді. Аягөздегі тасқын судың беті қайтты. Қазір ауданда зардап шеккендерге көмек көрсетіліп жатыр. Жалпы, облыс бойынша 100-ге жуық аулада жергілікті атқарушы билік өкілдері мен құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Халықаралық, республикалық, облыстық маңыздағы жолдардың 6 бөлігі әлі де жабық.

Юрий Ильин, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары:

- «Қазгидрометтің» дабылды ескертуі бойынша Шығыс Қазақстанда жағдай қайталануы мүмкін. Алдағы үш күнде Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында тасқын судан қауіп бар. Жауын-шашынның молдығы, қар еріп, күннің күрт жылынуы өзендердің тасуына әкеліп соғуы мүмкін. Ал, түскен қар мөлшеріне қарай солтүстік және солтүстік-батыста тасқыннан қатер бар деп болжап отырмыз.

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу