Астана бойынша жемқорлыққа жақын лауазымды қызметтер анықталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана бойынша жемқорлыққа жақын лауазымды қызметтер анықталады

13.03.2018

Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің өкілдері хабарлады. Аталған қанатқақты жобаны жүзеге асыру үшін жобалық кеңсе құрылған. Олар әзірге сынақ ретінде әкімдікке қарасты үш басқармада сыбайлас-жемқорлыққа неғұрлым жақын лауазымдарды анықтауға кіріскен. Мысалы, Автокөлік жолдары басқармасы мен Тұрғын үй және сәулет құрылыс басқармаларындағы қызметкерлер қабылдау актілерін жүзеге асырады, яғни, жемқорлыққа бой алдыру қауіпі жоғары. Зерттеу барысында аталған органдардағы қызметкерлердің жалақысы төмен болса да бір лауазымда 10-15 жыл отырғандығына баса мән берілмек. Зерттеу  «Астана адалдық алаңы» жобасы аясында жүзеге асуда. Оның нәтижесінде жалақы төлеу жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірленбек.

Жазира Жалқышиева, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті директорының орынбасары:

- «Астана адалдық алаңы» жобасы биылғы жылдың 7 ақпанынан бастап іске қосылды. Тұрмыстық жемқорлықты жою мақсатында жасақталған жоба.  Бұл жоба негізгі жеті бағыт бойынша іске асып келеді. 7 жоба топтары осы мәселелерді шешу бойынша бір айдың ішінде біршама жұмыстар атқарды.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу