Шымкент қаласында 17 жастағы жасөспірім жаңадан тұрғызылып жатқан зәулім үйдің төртінші қабатынан құлап, мерт болды. Қайғылы оқиға Тұрар Рысқұлов көшесінің бойындағы құрылыс нысанында болған. Марқұм болған азамат осындағы мердігер компанияда құрылысшы болып жұмыс істеген. Сол күні ол ғимараттың төртінші қабаты тұсында қабырғаның сыртын әрлеумен айналысқан. Жасөспірім құрылысқа арналған сатының үстінде тепе-теңдігін сақтай алмай 15 метрдей биіктіктен құлап түскен. Оқиғаға куәгер болған құрылысшының айтуынша, сол мезеттің алдында ғана ол өзінен темекі сұраған екен. «Онысын қолына ұстатып, теріс айнала бергенде ащы айқайды естідім»,-дейді жолдасы. Әріптестері жылдам көмекке ұмтылғанымен сатыдан құлаған жасөспірім сол жерде жан тапсырды.
Ғани ҚАЛМАХАНОВ