Биыл еліміздің қарулы күштер қатарын 35 мың жас сарбаз толтырмақ. Қазір барлық өңірлерде арнайы комиссия құрылып, тиісті жұмыстар басталып кетті. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде Қарулы күштер бас штабы ұйымдастыру-жұмылдыру департамент басшысының орынбасары Азамат Дусимов хабарлады. Қазір қарулы күштердің 70 пайызы келісімшарт бойынша қызмет атқаратын кәсіби мамандар. Ал, қалған 30 пайызы мерзімді шақырту бойынша борышын өтейтін сарбаздар. Қазірде жергілікті басқару органдарымен бірлесіп, науқанға дайындық жұмыстары қызу жүріп жатыр.
Ғани Артықов, қалалық ҚІД бастығының орынбасары:
- 12 айлық мерзімді әскери қызметтің нәтижесінде біздің жастарымыз әуеде, жерде, құрлықта және теңізде өздеріне қойылған тапсырмаларды орындай алатын нағыз сақа сарбаз болып үйлеріне қайтуға тиісті.
Елдос САПАРҒАЛИ