Петропавлда 474 адам мұзға тайып құлап, ауруханаға жеткізілген. Көктайғақтың салдарынан дәрігерлер күніне 120 адамға дейін қабылдап, ем-дом шараларын жүргізуде. Жапа шеккендердің көбі - көшеде тайып жығылып мертіккендер мен жол апатына түсіп жарақат алғандар. Мамандар осы күндері барынша сақ болуға кеңес береді.
Валерий Грибашов, /№3 қалалық ауруханасы емдеу пунктінің меңгерушісі:
- 4 күн ішінде көшеде жарақат алған 350 адамға жәрдем бердік. Мәселен, жай күндері көмекке жүгінетіндер саны 40-50 адам болса, осы күндері 90-нан артық болды, тіпті, 122 адамға дейін жетті. Қол-аяқтарын шығарып, сындырып алғандар да бар. 14 адамды ауруханаға жатқызып, оның бірнешеуіне шұғыл түрде ота жасалды.