Бұл туралы бүгін партия жанындағы «Саяси менеджмент» академиясының өкілдері хабарлады. Президент тапсырмасына сай партия жұмысы қазір жан-жақты жаңғыртылуда. Соның аясында партиялық кадрларды қайта даярлау жұмысы қолға алынған. «Нұротандықтарды» оқыту екі бағыт бойынша жүзеге асады. Біріншісі, басшылық қызметтердегілер үшін - саяси көшбасшылық бағдарламасы. Бұл бойынша биыл 40 адам оқытылады. Екіншісі, саяси партиялық менеджмент бағдарламасы. Бұл - орта деңгейдегі қызметкерлерге арналған курс. Бұл бағыт бойынша 60 адамды оқыту жоспарлануда. Үміткерлерді құжат қабылдау 26-наурызға дейін белгіленген. Бағдарламаға қатысу үшін үміткерлер бейнеөтініш жазып, заңнама бойынша тестілеуге қатысады. Сондай-ақ, логикалық және эмоциялық тестілеулеуден өтуі керек. Оқыту бағдарламасынан өткендер партияның кадрлық резервіне кіреді.
Ақерке Абылайхан, «Нұр Отан» партиясының Саяси менеджмент академиясы директорының орынбасары:
- Тапсыратын құжаттар тізімі өте аз. Барлығы біздің академияның сайтында көрсетілген. 26-наурызға дейін қабылданады. Бағдарламаға қатысатын азаматтар өздерінің не үшін қатысатындықтарын міндетті түрде эссе түрінде және видео түрінде көрсетіп, құжаттарын тіркеу керек.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ