Сыр елі қарқынды дамып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сыр елі қарқынды дамып келеді

12.03.2018

«Қызылорда - стратегиялық даму жоспарындағы тірлікті тиянақты әрі толық жүзеге асырған аймақ.»  Ресейлік ғалым, экономика ғылымдарының докторы Абел Аганбегян осындай баға берді. Ол осыдан 5 жыл бұрын өңірдің 2020 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын әзірлеуге атсалысқан. Соның алғашқы нәтижесімен танысқан ғалым Сыр елінің бұлайша қарқынды дамып жатқандығына ерекше таңданыс білдірді. Экономиканың дамуы  екі локомотивке салынатын инвестицияға байланысты. Бұл орайда Қызылордада атқарылып жатқан жұмыстар көңіл қуантады. Әсіресе, жастардың білім алуына ерекше жағдай жасалған. 

Абел Аганбегян, экономика ғылымдарының докторы:

- Өз басым 30-40 жылда біраз мемлекетте стратегиялық даму жоспарын жасаумен айналыстым. Соның ішінде Қызылорда облысын ерекше атағым келеді. Үш жыл бұрын облыс республикада 16 аймақтың соңында тұрды. Содан білекті түріп іске кірістік. Нәтижесін көріп отырсыздар. Қазір аймақ үздік үштікте. Өз тәжірибемде аз уақыттың ішінде мұндай нәтиже көрсеткен бірде-бір аймақ болған емес. Сыр елі жоспарланған тірлікті тиянақты әрі толық жүзеге асырды.

 

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу