Ұлттық ұланның арулары марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық ұланның арулары марапатталды

07.03.2018

Қару асынып, сап түзеген қыз-келіншек те бүгін құрмет-қошеметке ие болды. Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының жеке құрамы әскери қызметтегі ару - әріптестерін құттықтап, үздік офицерлерді марапаттады. Қазіргі таңда Ұлттық ұлан құрамында екі мыңнан астам нәзік жанды әскери қызметте жүр. Оның ішінде екі жүздейі офицер лауазымына ие. Салтанатты шара барысында «Әскер аруы», «Ұлттық Ұлан аруы-2018» байқауларының қорытындысы шығарылып, жеңімпаздары анықталды. Айта кетерлігі, жауапты, әрі қауіпті қызметті ер адамдардан қалыспай мінсіз атқарып жүрген әскери әйелдер отбасы мен ошақ басындағы міндеттерін де қатар алып келеді. 

 Жәмилә Ахметова, Ұлттық ұлан бас қолбасшылығының қызметкері:

- «Қазақстан Республикасының құқықтық тәртіп 25 жылдығына» арналған кеуде белгісімен марапатталып отырмын. Барлығыңызға тек қана жақсылық тілеймін. Бақытты болыңыздар, аналарымыз аман болсын. 

Альбина ӘШІМ

Хабарламаларға жазылу