Солтүстік Қазақстан облысында әлеуметтік мәселелер шешімін таппақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстан облысында әлеуметтік мәселелер шешімін таппақ

07.03.2018

Биыл Солтүстік Қазақстан облысында 1600 пәтер тұрғындардың игілігіне берілмек. Ол үшін ескі, апаттық жағдайдағы үйлер бұзылып, орнына жаңалары бой көтереді. Ал, төмен жалақы алатын азаматтар салықтың 1 пайызын ғана төлейтін болғандықтан, жыл сайын 1 млрд. теңге қаражат тұрғындардың қалтасында қалады. Білім саласында да оң өзгерістер болады. Өңірде 1300 студентке жатақхана  керек, сондықтан көп ұзамай екі ғимараттың құрылысы басталмақ. 

Серік Өмірбаев, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ ректоры:

- Қазіргі уақытта 23 мамандық бойынша лицензия алуға министрлікке құжаттар тапсырылды. Екіншіден, біздің университетте 2 жаңа факультет ашылады. Ол ауыл шаруашылығы, медицина мамандарын дайындайды. Қазіргі таңда біздің университеттің 1300 студентіне жатақханада орын жоқ. Сондықтан, ұсыныс кіргізіп жатырмыз.

Хабарламаларға жазылу