Жұмысшылардың нақты неден қаза тапқаны сот-медициналық сараптамадан соң белгілі болмақ. Кінәлілер анықталса, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін. Естеріңізге сала кетейік, наурыздың 2-і күні Қарабатандағы «Газтур биналы электр станциясының» құрылысы жүріп жатқан аймақтағы жатақхана өртеніп, 6 адам тілсіз жаудың құрбаны болды. Ауруханаға түскен төрт адамның бірі қатты күйік салдарынан сенбі күні көз жұмды.
Нaзымгүл Қайсағалиева, Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:
- Аталған өрт оқиғасына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабы, 3-бөлігі негізінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Осы бап негізінде өрт қауіпсіздік талаптарын бұзу нәтижесінде абайсызда 2 немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соғу әрекеттері жазаланады.
Жандос ТЕМІРҒАЛИЕВ