«Рухани жаңғыру - жастар назарында». Алматыда осындай атаумен әр аймақтан келген студенттердің пікірсайысы өтті.
Елбасы ұсынған бағдарламаны жастар арасында кеңінен насихаттауға байланысты 150-ден астам тәлімгер ойларын ортаға салды. «Себебі, ортақ мүддеде жұдырықтай жұмылып, дамыған мемлекеттер сапына кіру үшін бәсеке керек»,- дейді жастар. Осы жолда олар идеяларын іске асыруды көздейді.
Лаура ҚУАНЫШҚЫЗЫ