Мәскеуде ТМД экономикалық кеңесі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәскеуде ТМД экономикалық кеңесі өтті

07.03.2018

Мәскеуде ТМД Экономикалық Кеңесінің 77-ші отырысы өтті. Жиында экономика саласына қатысты 10-ға тарта мәселе талқыға түсті. Мәселен, тараптар достастық елдеріндегі зияткерлік меншік нарығын қалыптастыру және дамыту мәселесі туралы, энергетика саласындағы инновациялық технологиялар бойынша ынтымақтастық орнату жайлы және жұқпалы аурудың кейбір түрлерімен бірлесіп күресуге арналған келісімдердің жобаларын бекітті. Енді бұл құжаттарды ТМД мемлекеттерінің Үкімет басшылары тағы бір мәрте пысықтап, түпкілікті бекітуі тиіс. Осы жиында сонымен қатар, Қазақстандағы «Токамакта», яғни термоядролық реакторда ТМД елдерінің ғалымдарына бірлесіп зерттеу жүргізуге мүмкіндік беретін арнайы бағдарлама қабылданды.  

Ерлан Батырбеков, ҚР Ядролық орталығының бас директоры:

- Қазақстандағы біздің «Токамактың» әлем бойынша баламасы жоқ. Бұл аппарат ТМД ғалымдарына өте жоғары температураға жарамды жаңа материалдарды табуға, оны зерттеуге көмектеседі. Кейін оны термоядролық қондырғыларда пайдалануға болады. Біз «Токамакты» алғаш рет былтыр «ЭКСПО» көрмесі кезінде іске қосқанбыз. Енді ол бүкіл достастық елдерінің керегіне жарайды.

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу