Павлодар қаласындағы оқушылар сарайында «Рухани жаңғыру» кабинеті ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар қаласындағы оқушылар сарайында «Рухани жаңғыру» кабинеті ашылды

06.03.2018

Бұл жас буынды парасатты, елжанды ұрпақ етіп тәрбиелеу мақсатында қолға алынды. Оқушылар мектеп қабырғасында жүріп төл тарихымызды таниды. Кабинет ішінде бес бөлімше бар. Көне қолжазбалар мен құжаттар, аймаққа танымал тарихи тұлғалар, киелі орындар және қазіргі заманның қаһармандары жайлы мәліметтер топтастырылған. Бұдан бөлек, қазақ халқының көне әдебиетін қамтитын 100 томдық кітаптар сериясы бар. Оларды ұялы телефондағы QR сканер арқылы оқуға болады. 

Дінислам Болатханұлы, облыстық Білім беру басқармасының басшысы:

-Бүкіл мектептерде осындай кабинеттер ашамыз. Сондай-ақ, сол жерде балаларға біліммен қатар, ұлттық болмыстағы тәрбие беруді мақсат етіп отырмыз.

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу