Мемлекет басшысы биылдан бастап студенттер үшін тағы да 20 мың оқу грантын бөлуді тапсырды. Бұл білім іздеген жастардың өзге мемлекетке кетпей, елде білім алуына септігін тигізеді. Сондай-ақ, қосымша грант ауыл жастары үшін үлкен мүмкіндік. Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінде жатақхана тапшы. Мәселен, 1100 орынға шақталған жатақхананың 850 орны «Серпін» бағдарламасымен оқып жатқан студенттерге берілген, ал, ауылдан білім іздеп келген жергілікті жастардың басым бөлігі пәтер жалдап тұруда.