Еліміз бойынша тегін спорт секциялары ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміз бойынша тегін спорт секциялары ашылды

05.03.2018

Еліміз бойынша «Динамо» спорт қоғамы жанынан балаларға арнап тегін секциялар ашылды. Олардың саны республика аумағындағы 18 филиалды есептегенде 180-ге жетеді. Бұл туралы Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов мәлімдеді. Осылайша, 5 мыңнан аса жеткіншек қазақша күрес, бокс, каратэ және көркем гимнастика, семсерлесу сияқты спорт түрлеріне қатыса алады. Бұған бапкерлер мен жаттықтырушылар құрамы да дайын. 

Өмірзақ Болсамбеков, Қазақстан ішкі істер органдары мен ұлттық ұлан ардагерлер кеңесінің төрағасы:

- 2018 жыл біздің балаларымыздың бақыты деп аталған жыл болады. Осыған байланысты бағдарлама қабылданып көптеген игі істер, балалардың бақытты өсуіне, денсаулықтарының мықты болуына, елінің қалаулы азаматтары болуы үшін көптеген іс-шаралар мақсаты белгіленген.

 

Нысаналы ЫҒЫЛ

Хабарламаларға жазылу