Астанада «Жайна» халықаралық іскер әйелдер форумы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Жайна» халықаралық іскер әйелдер форумы өтті

05.03.2018

Бұл шара 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында ұйымдастырылған. Жыл сайын ұйымдастырылатын шараға биылғы қатысушылардың белсенділігі жоғары. Форумға келуге ниет білдіріп тіркелгендер мен қонақ ретінде қатысушылардың жалпы саны мыңнан асады. Бұл форум негізінен үш басты қағидаға неігзделген. Біріншісі - көшбасшы әйелдер, екінші - әйелдердің өзін-өзі дамытуы және үшіншісі, әйелдердің бизнес жүргізу ісі. Дәл осы тақырыптар бойынша тренингтер өтті. Оны әлемнің ең беделді мамандары жүргізіп, қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, тәжірибелерін шыңдай түсті. 

Әлия Жолболдина, «Жайна» халықаралық әйелдер форумының негізін қалаушы:

- Біздің мақсатымыз - барлық әйелдердің басын қосу. Олар осы жерде кездесіп, өздері үшін маңызды мәселелер бойынша пікір алмасады. Алға қарай ұмтылуға, өз істерін жүргізуге қажетті мәліметтер алады.

 

Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Хабарламаларға жазылу