Энергетика вице-министрі Ғани Сәдібеков бюджеттік қаражатты жымқырды деген айыппен қамауға алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Энергетика вице-министрі Ғани Сәдібеков бюджеттік қаражатты жымқырды деген айыппен қамауға алынды

02.03.2018

3,6 миллиард теңге көлемде бюджеттік қаражатты жымқырды деген айыппен бүгін Энергетика вице-министрі Ғани Сәдібеков қамауға алынды. Айыпталушы «Аймақ» ЖШС мердігер ұйымының басшысымен қылмыстық келісімге келіп, Щучинск-Бурабай курорттық аймағындағы көлді тазартуға бөлінген ақшаны қолды қылған. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроның баспасөз қызметі хабарлады. Сәдібековпен бірге Энергетика министрлігінің департамент басшысы Нұрбеков және мердігерлердің өкілдері Жұмалинов пен Қадырберлин де бұл іске қатысы болуы мүмкін.

Нұрлан Жахин, Мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі:

- Сәдібековпен қол қойылған жалған актілер бойынша Энергетика министрлігі мен 2017 жылы көлемі аса арттырылған атқарылған жұмыстарға жалпы сомасы 3,6 млрд. теңге төленген. Аталған қаражаттың 1 млрд. теңгесі қолма-қол алынған және жымқырылған. Ол қаражат тінту барысында табылып, тәркіленді. Бұдан бөлек, 2018 жылға көлді тазартуға бөлінген 1,5 млрд ақша қаражатының жымқырылуы тоқтатылды. Сәдібеков, Нұрбеков, Дуанбек, Жұмалинов және Қадырберлин ұсталды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

 

Елдос САПАРҒАЛИ

Хабарламаларға жазылу