10 жылдан асқан ауыл шаруашылық техникасын алмастыру жұмыстары басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

10 жылдан асқан ауыл шаруашылық техникасын алмастыру жұмыстары басталды

01.03.2018

Қазақстанда 10 жылдан асқан ауыл шаруашылық техникасын алмастыру жұмыстары басталды. Ауыл шаруашылық министрлігі сол арқылы өнім көлемін арттыру көзделіп отыр. Қазір барлық аймақтан жалпы құны 13 миллиард теңге болатын өтінім түскен. Былтыр «ҚазАгроҚаржы» арқылы 36 миллиард теңгеге ауыл шаруашылық техникасы қаржыландырылған. Биыл ол соманы 50 миллиардқа дейін көтеру көзделіп отыр. Яғни, егістік алқаптары да ұлғая түспек.          

Елдос САПАРҒАЛИ

Хабарламаларға жазылу