Батыс Қазақстанда құтқару қызметінің дайындығы сыналды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстанда құтқару қызметінің дайындығы сыналды

01.03.2018

Әскери апаттық құтқару қызметі мұнай мен газ атқылаған ұңғымадағы апаттың көзін жойды. Оқиға орнында адамдарды аман алып қалды. Батыстағы әскери құтқарушылар осындай сценарий бойынша кезекті оқу-жаттығу кезінде дайындықтарын пысықтады. Мұздай қаруланған жедел жасақ белгіленген уақыттың ішінде берілген тапсырманы ойдағыдай орындап шықты. Құрылғанына 85 жыл толған құтқару қызметінің әлеуеті жыл санап артуда. Қазір мекемеде кәсіби білігі жоғары 142 маман, 30 бірлік құтқару техникасы мен 60-тан астам арнаулы сайман бар. Соңғы 20 жылда Батыс Қазақстандағы кен орындары мен қауіпті өндіріс ошақтарында ірі апаттар тіркеле қойған жоқ. 

Сәкен Шугаюпов, «Кәсіби әскерилендірілген апаттық құтқару қызметі» Мк Бқо филиал директорының орынбасары:

- Біздің өңірде мұнай-газ өте тереңде жатыр. Яғни, 5 мың метр. Сондай-ақ, мұнай-газ өндіру кезінде көмірқышқыл газы кездеседі. Біздің алдын ала шара жүргізу мамандарымыз бар. Олар бұған қатты назар аударады. Соның нәтижесі деп білеміз.

 Назерке ТОҒЖАН

Хабарламаларға жазылу