Бизнестің берекесін кетіріп, кедергі жасайтын мемлекеттік қызметтің 50 түрі анықталды. Бір мыңнан аса тексерушіні жұмысынан қысқарту ұсынылды. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша екінші республикалық кәсіпкерлер форумында айтылды. Жалпы, кәсіпкерлік саласының дамуы мемлекеттік аппараттың ашықтығы мен қолжетімділігіне тікелей байланысты. Яғни, қызмет түрлері автоматтандырылуы тиіс. Бұған цифрландыру бағдарламасы екпін берері сөзсіз. Сондай-ақ, іскер ортадан көп шағым түсетін 16 салаға талдау жүргізіліп, жемқорлық тәуекелдерін жоюға 800-ден аса ұсыным енгізілді. Жоғарыда келтірілген деректер құзырлы агенттік пен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бірлесе жасаған жол картасы аясында анықталып отыр.
Салауат Мұқсымов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің директоры:
- Кең ауқымды заңнамаларға ревизия жасадық. Бұл ревизия жыл бойы өтті. Қазіргі уақытта 40-тан астам нормативтік актілер дайындалды. Оның ішінде 12-сі қабылданды.
Нысаналы ЫҒЫЛ