ОҚО-да жұрттан алдап ақша алған алаяқ ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ОҚО-да жұрттан алдап ақша алған алаяқ ұсталды

28.02.2018

Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында «балаңды білім ордаларының біріне оқуға түсіріп беремін» деп, жұрттан алдап ақша алған алаяқ ұсталды. Осы істі кәсіп еткен жергілікті азамат соңғы рет әлдебір ата-ананың 700 мың теңгесін алып кеткен. Жәбірленушілердің арызы бойынша із кескен полицейлер көп ұзамай жасы отыздар шамасындағы жігітті қолға түсірді. Тергеу барысында оның тағы осындай 6 алаяқтық іске қатысы бары анықталды. Ол адамды алдап-арбау арқылы осы кезге дейін 5 миллион теңгені қалтасына басқан. Қазір бұл деректер бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі жүріп жатыр.

 

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу