Биыл Алматы мен Тбилисидің арасындағы ынтымақ жөніндегі келісімге - 25 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл Алматы мен Тбилисидің арасындағы ынтымақ жөніндегі келісімге - 25 жыл

28.02.2018

Екі қаланың арасындағы іскерлік қарым-қатынас жанданды. Бұл туралы шаһар басшысы Бауыржан Байбек айтты. Оның сөзінше, оңтүстік астананың көркеюіне Грузияның компаниялары да үлес қосып отыр. Ал, сол елден келетін туристердің саны артып келеді. Сондықтан, тараптар ынтымақты одан әрі нығайтуға уағдаласты. Сондай-ақ, олар қала кеңістігін, сауда-экономикалық байланысты дамыту, тәжірибе алмасу және туризм саласындағы байланысты күшейту мәселелерін талқылады. 

Бауыржан Байбек, Алматы қаласының әкімі:

- Бізде экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының талаптарына сай келетін «Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламасы бар. Ал, Алматы мен Тбилисидің арасында аптасына бес рет әуе тасымалы қатынайды. Бізде Грузиямен капиталы біріккен 51 компания жұмыс істейді. Сондықтан, 2018 жыл екіжақты байланысты одан әрі нығайтудың жаңа кезеңі болатынына сенімдімін.

 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу