Озық отыздыққа ену үшін кәсіпкерлікті дамыту қажет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Озық отыздыққа ену үшін кәсіпкерлікті дамыту қажет

28.02.2018

Озық отыздыққа ену үшін ең бірінші шағын және орта кәсіпкерліктің өркендеуіне жағдай жасау керек. Осы бағытта ісін ілгерілетемін деген бизнесмендерге әлемдік талаптарға сай келетін оңтайлы жүйе қажет.

Алматыда өткен халықаралық Еуразиялық монополияға қарсы форумға қатысқан сарапшылар осыны жеткізді. Олардың сөзінше, халықаралық тәжірибеде кәсібін енді бастағандарға заң тұрғысынан көмек көрсетіліп, мүмкіндік беріледі. Бұл халықтың жаппай кәсіпкерлікпен айналысуына ықпал етеді. Оған қоса, кәсіпкерлікке қолайлы жерге инвесторлар шоғырланады. 

Серік Жұманғарин, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі:

- Елбасының тапсырмасы бойынша біз ОСД арасындағы 35 ең дамыған мемлекеттің арасына кіруіміз керек. Қазақстанның бәсекелестікті қорғау комитеті 2016 жылы ОСД-нің бәсекелестік комитетіне мүше болды. Сол мақсатты орындадық.

 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу