Тоқмәди ісіне зерттеу жүргізген америкалық сарапшылар қорытындысын жариялады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тоқмәди ісіне зерттеу жүргізген америкалық сарапшылар қорытындысын жариялады

27.02.2018

Отты қару өздігінен атылған жоқ. Аты- шулы Тоқмәди ісіне зерттеу жүргізген АҚШ сарапшылары осындай тұжырым жасап отыр. «Тұран әлем банкінің» бұрынғы басшысы Ержан Тәтішевтің өліміне қатысты сот отырысы Таразда жалғасуда.

Осыған дейін сот отырыстарында 60-тан астам куәгер тыңдалды. Бұған дейін белгілі болғандай, Мұхтар Әблязовтан 4 млн. долларға тапсырыс алдым деген бұрынғы кәсіпкер Мұратхан Тоқмәди өз қылмысын толық мойындап отыр.

Майкл Мерфи, криминалист маман:

- Қылмысқа қолданылған қару өте қымбат болған. Оның өздігінен атылуы ешбір істе кездеспеген. Қаруды үнемі тазалап жүрген адаммен де сөйлестік. Сондықтан, оның өздігінен атылып кетуі мүмкін емес.

Хабарламаларға жазылу