Алматы облысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында құрылған мониторингтік топ жұмысы өз жемісін бере бастады. Өткен жылы қоғам белсенділерінен құрылған ұйым мемлекеттік органдарға әр түрлі сала бойынша 900-ден астам ұсыныс жіберген. Мониторингтік топ көмегімен алдағы уақытта өңірдің бірнеше ауданында халыққа қызмет көрсету орталықтарына дербес ғимараттар салынатын болды. Сондай-ақ, Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық кезінде ақылы қызмет түрлерін жою мәселесін қолға алды.
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ