«Азаматтарға мемлекет ұсынатын қызмет түрлерін мейлінше автоматтандыру - түпкі мақсат. Ол үшін цифрлі технология дендеп енгізілуі қажет». Қостанайда көппен кездескен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шайымова осылай деді. Қостанайда тек қана медициналық қызметтің 642 мыңы қағаз жүзінде көрсетілген. Бұл цифрды пайызға шақсақ, 90 пайыз. Мұның негізгі себебі облыстың аудан-ауылдарында интернет жүйесінің осалдығы және ақпараттың аздығы. Бұл мәселені біржола реттеу үшін биыл облыста 680 миллион теңге қаралып отыр. 1,5 мың дана компьютер сатып алынды.
Айгүл Шайымова, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары:
- Мемлекеттік органдардағы процестерді, соның ішінде олардың халықпен және бизнеспен қарым-қатынасын цифрландыруға ауқымды іс-шара атқарылады. Тұрғындар өз өтініштеріне дер кезінде сапалы жауап алулары тиіс. Біз әр жерде ашықтық пен жариялылықтың болғанын қалаймыз.
Данияр СҰЛТАНҰЛЫ