Еліміздің ең үздік бизнес-тренерлері Астанада бас қосты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің ең үздік бизнес-тренерлері Астанада бас қосты

26.02.2018

Еліміздің ең үздік бизнес-тренерлері Астанада бас қосты. Ондағы мақсат - тұрғындарға өз ісін бастауға және одан әрі дамытуға бағытталған келелі кеңес пен ұтымды ұсыныстар айту. Тренинг тек оқытумен ғана шектелмеді. Шара барысында жиналған қомақты қаражаттың барлығы қайырымдылыққа жұмсалмақ. Жалпы, бұл күні 6 шеберлік сыныбы ұйымдастырылып, 100-ден аса адам шағын және орта бизнестің қыр-сырына қанықты. Мұндай тренинг алдағы уақытта да жалғасын таппақ. 

Ерлан Мұстафин, бизнес-тренер:

- 15-ақпан - онкологиялық ауруға шалдыққан балаларды қорғау күні. Біз сол күнге орайластыра отырып, осы іс-шарадан түскен қаражаттың барлығын адресті түрде сол балаларға көмекке жұмсағалы отырмыз.

 

Азамат НҰҒЫМАНОВ

Хабарламаларға жазылу