«Контрафакт» республикалық акциясы аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Контрафакт» республикалық акциясы аяқталды

26.02.2018

Соңғы бір аптада еліміз бойынша 8 мыңға жуық контрафактілік өнім әшкереленіп, 160-тан астам құқықбұзушылық анықталды. Бұл туралы «Контрафакт» республикалық акциясының қорытындысына арналған брифингте айтылды. Апта бойы әр өңірде дөңгелек үстел, семинар мен онлайн-конференциялар ұйымдастырылып, жалған өнім жасаушыларға жазаның ауыр болатыны түсіндірілді. Шара соңы салтанатты кешке ұласып, «Зияткерлік меншік құқығын қорғау» мен «Контрафактіге жол жоқ» тақырыбындағы байқаудың жеңімпаздары марапатталды. Жүлделі болғандардың бірі үздік бейнеблог жасап көзге түссе, бірі үздік билбордтың авторы атанды. Мақсат - оңай олжаға құнығып, заңсыз өнімді таратпау мәселесіне халықтың назарын аудару.

Эльмира Қалығұлова, ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің сарапшысы:

- Акция аясында бухгалтерлік бағдарламалар мен Playstation ойындарын заңсыз тарату фактілері, сондай-ақ, тауарлық белгі құқықтарын бұзу бойынша алкогольді өнімдер мен мотор майларын жасырын жасап шығаратын цехтер әшкереленді.

 

Досымжан ЕРМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу